Теннис

Теннисші қыздарымыз рейтингіде көтерілді

Теннисші қыздарымыз рейтингіде көтерілді
news-banner7
mobile-news-top
Юлия Путинцева үздік 40 теннисшінің қатарына қайта енді.
Жаңартылған рейтингіде Путинцева бес сатыға жоғарылап, 38-орынға жайғасты. Сондай-ақ Жапониядағы Фукуока ITF жарысының финалында ғана сүрінген Зарина Дияс 98-ден 90-сатыға, тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина 139-дан 138-ге көтерілді. Жұптық сында Мадрид турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Галина Воскобоева 15 сатыға жоғарылап, 46-орынға табан тіреді. Анна Данилина да 143-тен 138-ге шықты.
Дүниежүзілік рейтинг көшін бұрынғыша жапониялық Наоми Осака бастап келеді. Симона Халеп екінші, германиялық Анжелика Кербер үшінші орында.
Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер