Басқа

Дмитрий Баландин Champions Swim Series-та үшінші болды

news-banner7
mobile-news-top

Будапештте 200 метрге брасспен жүзуден Champions Swim Series аясында екінші кезең аяқталды.

Олимпиада чемпионы қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықты 2:10.73 уақытта жүзіп өтіп, үшінші орынға тұрақтады. Бірінші кезеңде топ жарған ресейлік Антон Чупков бұл сайыста да үздік нәтиже көрсетті.

Еске сала кетейік, алғашқы кезеңде отандасымыз төртінші орынға жайғасып, 2020 жылы Олимпиадаға жолдама алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер