Футзал

«Қайрат» Академиясының командалары «МФЛ-Жастар» турнирінде жақсы өнер көрсетуде

news-banner7
mobile-news-top

21 сәуір Алматыда футзалдан балалар мен жасөспірімдер арасында «МФЛ-Жастар» көктемгі чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге «Қайрат» футзал клубынан әртүрлі жас санаттарынан құралған алты команда қатысып жатыр (2005 жылдан бастап 2011 жылға дейін).

4-5-ші айналымның қорытындысы бойынша «Қайрат» Академиясының 2010-2011 жж. командасы жүз пайыздық көрсеткішпен - тек жеңіске жетті. Өз кезегінде, 2005, 2006 және 2007 жж. командалары турнирде сәтті өнер көрсетіп, өз топтарында көш бастап келеді.

Ал Академияның 2008 және 2009 жылғы өкілдері бірнеше ұпай жоғалтқанымен, әлі де турнирде жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер