Бокс

Головкин Санчеспен соңғы рет не жайлы сөйлескенін айтты

Головкин Санчеспен соңғы рет не жайлы сөйлескенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчеспен ешқандай дау-жанжалсыз айырылысқанын айтты.

GGG мен Абель қаржылық жағынан келісе алмаған.

Санчестің айтуынша, Головкин бапкерлік төлемдерді бірден қысқартуды талап еткен. Маман бірлескен жұмысты тоқтату туралы жария етілгеннен кейін қамқорлығындағы бұрынғы боксшыны ашкөз және жақсылық істегенді білмейтін адам деп атады.

Абель сен кеткеннен кейін сен туралы көп сөз айтты. Бұл туралы не ойлайсың?

«Бұл Абельдің шаруасы. Соңғы рет сөйлескеніміз есімде. Мен оған қоңырау шалып былай дедім: «Абель, барлығы үшін көп рахмет. Мен сізді құрметтеймін, сіз керемет бапкерсіз және маған көп нәрсе үйреттіңіз. Үлкен рахмет», - деп жауап берді Геннадий журналист Крис Мэнникске берген сұхбатында.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер