Жеңіл атлетика

Бүгін Жапонияда әлем чемпионаты басталады

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Жапонияның Йокогама қаласында жеңіл атлетикадағы эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Әлемдік сынға Қазақстан командасы да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Биыл Дохада өтетін әлем чемпионатына лицензия иелену үшін Қазақстан әйелдер құрамасы және аралас команда жарыс жолына шығады,

100 метрден 4 адамдық эстафета құрамы:

- Светлана Голендова;

- Рима Кашафутдинова;

- Ольга Сафронова;

- Элина Михина;

Қосалқы спортшы: Айгерім Шыназбекова.

400 метрден 4 адамдық аралас эстафета құрамы:

- Михаил Литвин;

- Андрей Соколов;

- Элина Михина;

- Светлана Голендова.

Бірінші болып әйелдер командасы жарыс жолына шығады. Іріктеу сындары Нұр-Сұлтан уақытымен 17:10-да басталады.

400 метрден 4 адамдық эстафетаның басталуы – 18:20.

Жеңіл атлетикадағы эстафеталық жарыс түрлерінен әлем чемпионаты 11-12 мамыр күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер