Басқа

Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары өтеді

Нұр-Сұлтанда Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары еліміздің астанасын Нұр - Сұлтан қаласында өтеді. Бұл туралы Австралияның Гол кост қаласында өткен Бүкіләлемдік Халықаралық спорттық федерациялар (GAISF)конгресінде белгілі болды. Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат және GAISF президенті Рафаэль Чиулли арнайы келісімге қол қойды.

Нұр – Сұлтан аталған ойындарды өткізуге үміткер 4 қаланың қатарында болды. Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархаттың айтуынша еліміздің аталған ойындарды жоғары деңгейде өткізуге барлық мүмкіндігі бар.

«Қазақстанда мұндай жарыстарды өткізетін үлкен тәжірибесі бар. 7-ші Қысқы Азия ойындары, 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада, ЭКСПО-2017 және тағы басқа турнирлер біздің спорттық әлеуетімізді бүкіл әлемге паш етті. Сонымен қатар, елімізде теңдессіз спорттық нысандар бар. Олар барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Сіздерге, аталған жарыс жоғары деңгейде өтетініне сеніммен айта аламын.»-деді Фархат Аманқұлов.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік Жауынгерлік Өнер ойындары – спорттық жекпе жек өнерінің өкілдері арасында өтетін мультиспорттық жарыс. Алғашқы ойындар 2010 жылы Қытайда өткен болатын. Жарыс бағдарламасына: муай-тай, бокс, айкидо, самбо, сават, каратэ, джиу-джитсу, таэквондо, у-шу, кендо, сумо, семсерлесу, күрес және кикбоксинг спорт түрлері кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер