Басқа

Садақ атудан Қазақстан ерлер командасы Шанхайдағы әлем кубогында алтыншы орын иеленді

news-banner7
mobile-news-top

Шанхайда садақ атудан әлем кубогі кезеңі жалғасуда. Классикалық түрде садақ атудан командалық жарыста Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаевтен жасақталған Қазақстан құрамасы ширек финалға дейін сүрінген жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу сынында біздің спортшылар 1994 ұпаймен бесінші орын иеленді. Бұл кезеңде 2047 ұпай жинаған Оңтүстік Корея спортшыларына тең келер ешкім болған жоқ.

Плей-офф кезеңінің екінші айналымында біздің команда Ұлыбританиямен жолығып, тартысты кездесуде қазақстандықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Өкінішке қарай, келесі айналымда мергендеріміз тайпейлік қарсыластарына 3:5 есебімен жол берді. Осылайша, жалпы есепте Қазақстан командасы алтыншы орын иеленді.

Қазақстан әйелдер командасы тоғызыншы орынға тұрақтаса, аралам командалық сындағы көрсеткішіміз де тоғызыншы орыннан аспады.

Блоктық садақ атудан аралас командалық бәсекеде Қазақстан 17-ші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер