Әлем футболы

Еуропа лигасының финалында англиялық командалар кездеседі

Еуропа лигасының финалында англиялық командалар кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы жартылай финалының қарымта ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Лондонда өткен алғашқы ойында «Арсенал» испаниялық «Валенсияны» 3:1 есебімен жеңген еді. Испан жерінде өткен қарымта кездесуде де англиялықтар басым болды, есеп - 2:4.

Қонақтар сапынан Пьер-Эмерик Обамеянг хет-трик орындаса, командаласы Александр Ляказетт бір гол соқты. Бұған алаң иелері Гамейроның қос голымен ғана жауап бере алды.

Осылайша, «Арсенал» 2018/19 жылғы Еуропа лигасының финалына жолдама алды.

1/2 финалдық матчтың екінші жұбында «Айнтрахт» пен «Челси» жолы түйіскен Осыдан бір апта бұрын Германиядағы «Коммерцбанк-Арена» стадионында 1:1 есебімен тең тарқасқан қос команда Лондонда қайта кездесті.

Бір қызығы, қарымта ойында да 1:1 есебі тіркелді. Есепті алғаш болып Лофтус-Чик Р. ашты, алайда қонақтар Йовичтің арқасында есепті теңестіре алды.

Сөйтіп, финал жолдамасын пенальти сериясы арқылы сарапқа салды. Бұл сында алаң қожайындарының жолы болды. Пенальти сериясының есебі – 4:3.

«Челси» Еуропа лигасының ақтық сынында «Арсеналмен» кездесетін болды.

Осылайша, биыл Еуропа футболын ағылшындар жаулап алды. Бұған дейін чемпиондар лигасының финалына да қос англиялық команда жолдама алған болатын. Бәріміз білетіндей, Еуропаның ең үздік лигасының кубогын «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер