Әлем футболы

AS: «Барселона» жазда 10 ойыншысымен қоштасады

AS: «Барселона» жазда 10 ойыншысымен қоштасады
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» жаздық трансферлік терезесінде бірқатар ойыншылармен қоштасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

AS порталының мәліметінше, каталондықтар қорғаушылары Томас Вермаленмен, Джейсон Мурильомен, шабуылшы Кевин-Принс Боатенгпен және қақпашысы Яспер Силлессенмен қоштасады.

«Барселона» жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньоға жаңа клуб қарастыруда. Бразилиялықтың құны – 100 миллион еуро. Қорғаушы Самуэль Умтити де клуб сапынан кетуі ғажап емес. Каталониялық команда «Аякстан» Матейса де Лигтаны алғысы келеді.

Сонымен қатар, Малком мен Иван Ракитичке жақсы ұсыныстар түссе, «Барселона» оларды сатуға әзір. Рафинья мен Денис Суарес те клубтан кетуі мүмкін.

Түпнұсқасы: AS Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер