Дзюдо

Дзюдошыларға өзге жекпе-жек түрлерінен сынға түсуіне тыйым салынды

Дзюдошыларға өзге жекпе-жек түрлерінен сынға түсуіне тыйым салынды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық дзюдо федерациясы ережеге маңызды өзгерістен енгізді. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдеді.

Халықаралық дзюдо федерациясы ережесінің 4.1 бөліміне өзгертулер енгізілді.

«IJF-тың кез-келген әлемдік рейтингіне (кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер) енген спортшы IJF рұқсаты болмаған жағдайда, өзге де жекпе-жек түрлерінен халықаралық жарыстарға қатыса алмайды», делінген хабарламада.

IJF қағидаларын сақтамаған немесе IJF-тен ресми түрде рұқсат алмаған спортшыларды автоматты түрде санкцияға ұшырайды.

Ережені бірінші рет бұзған спортшы Халықаралық дзюдо федерациясы мен Құрлықтық Одақтар ұйымдастыратын жарыстарға және өзге де іс-шаралар мен жаттығу лагеріне екі ай бойы қатыспайды.

Ережені екінші рет бұзған спортшы Халықаралық федерация және құрлықтық одақ шешімімен 2 жылға спорттан шеттетіледі. Оның ішінде жаттығу лагері де бар.

Санкцияларға IJF Тәртіптік Комиссиясы арқылы шағым түсіруге болады. Апелляцияны беру уақыты хабарлама алынған 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

Аталған ережеге сәйкес, спортшының дзюдодан өзге спорт түрінен халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынуы тиіс.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер