русский язык

Денис Тен: «Қазақстан - мәнерлеп сырғанаудан әлемдік державаға айналды»

Денис Тен: «Қазақстан - мәнерлеп сырғанаудан  әлемдік державаға айналды»

Сочиде Денис Тен Қазақстан үшін алтынға бергісіз қола медаль алып берді. Бұл жеңіске дарынды спортшымыз мұзайдынға шыққаннан дәмелі еді. Жерлесіміз жас болғанымен талабы таудай! Осыған дейін талай бәсекелердің биік мінберлерінен көрінген Денистің ақ олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінетініне ешкімнің күмәні болмаған.

2013 жылы канаданың Лондонында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медаль қанжығалаған алматы тұрғыны Сочи олимпиадасында басты фавориттердің бірі болды. Еркін бағдарламада барлық қарсыластарын басып озғаны нақ соған дәлел. Болашаққа бал ашпасақ та жас дарын Дениспен ертеңгі күні әлем чемпиондары санасатыны анық. Олимпиада жүлдегері жеке уақытының тығыздығына қарамастан  «РRОСПОРТ Қазақстан» газетінің тілшісіне сұхбат беруге келісті.

- Біріншіден, олимпиадада керемет қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға зор алғыс айтқым келеді, - деп бастады Денис. – Бұл медаль тек жетістік қана емес, тарихи оқиға. Өйткені, мәнерлеп сырғанау сияқты спорттың қиын түрінен бізде осыған дейін мұндай биік нәтиже болмаған. Айта кетерлігі, осыдан кейін Қазақстан бұл спорт түрінен әлемде танымал державаға айналды. Үйге қайтарда әуежай алдында мені көп жанкүйерлар қарсы алды! Осындай қолдаушылардың назары - мені жаңа жеңістер мен ерліктерге шабыттандырады.

Сочиде Олимпиада медальдары сарапқа салған кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Мен соңына дейін сабырлық таныттым. Еркін бағдарламада жоғары көтерілетінімді білдім. Бар өнерімді көрсеткеннен кейін, бірден спортзалға аттандым. Жарыс нәтижесін хабарлағанда, мен өте бақытты болдым. Өзім үшін емес, елім үшін.

Ең бірінші болып кім құттықтады?

- Ең алғаш боп мені команда мүшелері, ата-анам мен бапкерлер құттықтады. Олар киім шешетін бөлмеге жүгіріп келіп мені құшаққа алып басты, сол сәтте мен марапаттау рәсіміне киім киіп жаттым (күледі).  Салтанатты рәсімнен кейін менің бас демеушім «Самұрық-Қазына»  қорының жігіттері қаланың қақ ортасында меркелік ас жасады.

Қателеспесем, жаттықтырушыңыз Фрэнк Кэрроллдан өзге Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Юрий Гуськов та қолдау көрсеткен болатын сізге...

- Юрий Гуськов мәнерлеп сырғанаудан еліміздегі ең білікті тұлға.  Ол ережелердің ауысқандығы жөнінен әрқашан хабардар. Көп жылдар бойы мәнерлеп сырғанауды іштей зерттеген адам. Мұндай мамандар Қазақстанда саусақпен санарлық! Осы жылы барлық жарыстарға бірге бардық және оның адалдығы мен көмегін өте қатты бағалаймын.

Денис медаль алудан үмітті болдыңыз ба? Нәтижені хабарлайтын кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінгеннен кейін, мен Олипиаданың үштігіне кіруге үмітті болдым.  Өзбетіммен көп жұмыс жасап, жаттықтым. Ешкімге құпия емес, Сочиге барар жол маған өте қиын болды, бірақ  жақындарымның арқасында артылған сенімді абыроймен көтеріп шықтым. Біріншіден, 15 жыл бойы маған сенім артқан отбасыма, мені шабыттандыра жұмыс істеген жаттықтырушыларым мен  Ержан Қожағапановқа айтар алғысым шексіз. Менің дайындалуым үшін барлық жағдайды жасап берді. Оның атқарған ісі ел спортының дамуына үлкен себеп болды.

Қысқа бағдарламадан кейін қандай сезімде болдыңыз?

- Төрт жыл бойы дайындалып керек сәтте қателескенімен өкіндім. Әрине, көңілім қалды.  Түні бойы көз ілмесем де . Бірақ, ертесі күні керней түсіп жеңіске жетуді ойладым.

Олимпиадағы «Ажалдың биі», «Бикеш пен бұзақы» қойылымдары туралы айта кетсеңіз. Тағыда канадалық хореограф Лори Никольдің туындысы ма? Неліктен таңдағаныңызды түсіндіре кетсеңіз...

- Лори – мәнерлеп сырғанау әлеміндегі теңдессіз тұлға. Ол көптеген Олимпиада мен әлем чемпиондарын дайындап шығарған. Қазіргі мәнерлеп сырғанауда өте беделді хореограф болып саналады. Өткен жылы бірігіп тамаша қойылымдар дайындадық. «Бикеш және бұзақы» - классикалық қойылым. Басты иедясын кеңес сазгері Дмитрий Шостаковичтың музыкасын алдық. Ал қысқа бағдарламаның қазіргі заман талабына сай, терең және құпия ойы бар. Ұсыныс менен түсті. Камиль Сен-Санс – менің сүйікті сазгерлерімнің бірі болғандықтан «Ажалдың биі» қойылымы маған арналғандай сезілді.

Қарсыластар туралы не айтасыз?

- Олимпидада бәсеке өте жоғары болды! Сайысқа қатысқан 15 адамның кез келгені менің орнымды басуы мүмкін еді. Бірақ, соған қарамастан әлем чемпионаты жүлдегерлерінің орындары ғана ауысты.

Денис, Евгений Плющенконы біреулер табаласа біреулер барынша қолдап жатыр. Оның мұзайдынға шығудан бас тартқаны жайлы пікіріңіз қандай?

- Женяны даңқты фигурист деп білемін. Ол мәнерлеп сырғанаудың дамуы үшін үлес қосты және қазір әлемдегі ең танымал фигуристердің бірі.  Мен оны еш сынай алмаймын. Тек қана жарақатынан айығуын тілеймін.

«Денис Тен және оның достары» шоуында қазақстандық фигуристер де қатысады деген шын ба? Алматыға кімдер келетін болды?

- Қазіргі кезде мұзды шоудың ұйымдастырылу мәселелерін шешіп жатырмыз.  Өткен жылы екі шоуды барлығы 10 мыңдай адам көріп таң қалды. Әлемнің түкпір түкпіренен спортшылар келіп қатысты. Қазақстан үшін нағыз мереке болды. Осы спорт түрін халыққа жақынырақ танысытырдық. Жанкүйерлердің қалауы бойынша шоуды биыл да өткізіп дәстүрге айналдырмақпыз.

Спортшылар мен делегация мүшелері шоуды сәтті өткізгенім үшін құттықтап жатты. Бұл жоба шет елдерде де танымал болды, егер сәті келіп жатса биыл бұданда үлкен әрі қызық қылып өткіземіз!

- Денис, Олипиада аяқталды. Енді жоспарларыңызбен бөліссеңіз...

- Олимпиада ойындары жақында ғана аяқталды. 2018 жылғы ақ Олипиадаға дайындықты бастау керек. Көп жұмыс  істеу керек, өмірімдегі ең маңызды төртжылдықты сәтті өткіземін деп үміттенемін.  

 

 

Авторы: Юлия Миленькая

Аударған: Айбар Рысдәулет

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;