ММА

UFC президенті Макгрегордың ықтимал қарсыласын атады

UFC президенті Макгрегордың ықтимал қарсыласын атады
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэна Уайттің айтуынша, Конор Макгрегор мен Дональд Серроне арасында жекпе-жек өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Конормен кездесу жоспарланып отыр. Келесі аптада сөйлесіп, енді не істейтінімізді шешеміз. Меніңше, Серронемен жекпе-жек қызық болады. Бұл жақсы идея. Бізде Конор үшін бірнеше нұсқа бар. Оның өзі де Серронемен кездескісі келетінін айтқан еді», - деді Уайт.

Естеріңізге салсақ, Серроне 5 сәуірде Оттавада Эл Яквинтаны жеңген болатын. Ал Макгрегор соңғы рет октагонға 2018 жылы күзде шығып, Хабиб Нурмагомедовтен ұтылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер