Әлем футболы

Камбэктер лигасы. «Тоттенхэм» де ерлік жасады

Камбэктер лигасы. «Тоттенхэм» де ерлік жасады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші матч та камбэкпен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сейсенбі күні «Ливерпуль» өз алаңында «Барселонаны» 4:0 есебімен ұтып, финалға өткен болатын. Англиялық команда алғашқы ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Ал жартылай финалдың екінші матчында голландиялық «Аякс» пен англиялық «Тоттенхэм» кездесті. Бұл ойында да ағылшын командасы камбэк жасады.

Лондондағы бірінші матчта голландиялықтар 1:0 есебімен ұтқан болатын. Ал Амстердамдағы қарымта кездесуде алаң иелері үзіліске дейін екі гол соғып тастады. Маттейс де Лигт пен Хаким Зиеш көзге түскен.

Екінші таймда Лукас Моура 55 және 59-минуттарда гол соғып, есепті теңестіріп тастады. Ал кездесудің ең соңғы секундтарында Мауро алыс бұрышты дәл көздеп, «Тоттенхэмге» жеңіс сыйлады. Екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 3:3 болғанымен, лондондық команда сырт алаңда соққан голының арқасында финалға шықты.

Енді Чемпиондар лигасының шешуші матчы 1 маусымда Мадридтегі «Ванда Метрополитано» өтеді. Финалда «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» күш сынасады.

Айта кетейік, осы маусымда Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіндегі алты матчта камбэк болды.

«Аякс» (Амстердам, Нидерланды) – «Тоттенхэм» (Лондон, Англия) 2:3 (2:0)

Голдар: де Лигт 5 (1:0), Зиеш 35 (2:0), Лукас Моура 55 (2:1), Лукас Моура 59 (2:2), Лукас Моура 90+6 (2:3)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер