Басқа

Баландин, Мусин мен Қасқабай АҚШ-та жаттығады

news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай АҚШ-тағы ең танымал бапкерлердің бірі, америкалық Дэйв Салоның қоластында жаттығады.

Жүзу әлемінде аталған бапкердің есімі ерекше аталады. Өйткені, Сало көптеген әлем және Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған.

Әр жылдары ол Аарон Пирсол, Джейсон Лизак, Аманда Бирл, Стасьян Ститс, Ленн Кразейльбург, Гэйб Вудвард, Колин Лэйн, Ребекка Сни, Усама Меллули, Косуке Китаджима, Маркуас Роган, Дэвид Валтерс, Рикки Бернс, Эд Мозес, Юлия Ефимова, Иан Торп, Габриэль Роуздарды жаттықтырды.

Сиднейде жүлде алған Лизак, Пирсол, Ститс және Роуз бапкердің даңқын арттыра түсті. Дэйвтің айтуынша, ол әлемнің үздік жүзгіштерін жинап алып, жаттықтыру туралы жоспар құрмаған. Барлық спортшы танымал маманның жаттығу лагеріне қатысуды өздері сұранатын.

Сало өзі мен өзге де АҚШ бапкерлерінің жүзудегі жетістігін жекелеген жоспар мен жалпы жүзу философиясының бірігуімен және дайындық бағдарламасының көптігімен түсіндіреді.

Енді оның шәкірттері арасынан қазақстандық жүзгіштерді де көре аламыз.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының лицензиясын алып үлгерді. Ол FINA Қытайда ұйымдастырған жаңа форматтағы турнирде тиісті нормативті орындады. Баландин Champions Swim Series турнирінің Бударештте өтетін екінші кезеңінен соң танымал бапкермен жаттығуды бастайды.

Мусин мен Қасқабай кешеден бері АҚШ-тағы әйгілі бапкердің қоластында жаттығуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер