русский язык

Ерболат Байбатыров Самбодан әлем чемпионатына барады

Ерболат Байбатыров Самбодан әлем чемпионатына барады

Орал қаласының тумасы, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров кезекті рет әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Жуырда ол спорттық және жауынгерлік самбодан өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде топ жарды. Наурыздың 13-і мен 16-ы аралығында өткен байрақты бәсекеге еліміздің 350-ден астам боз кілем шеберлері қатысқан болатын.

Енді Байбатыров қараша айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;