Бокс

Әли Ахмедов Головкиннің жаңа бапкерімен жаттығатын болды

Әли Ахмедов Головкиннің жаңа бапкерімен жаттығатын болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, GGG Promotions клиенті Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен жаттығатын болды.

«WBC әлем чемпионы титулының жастар арасындағы иегері Әли Ахмедов Геннадий Головкиннің жаңа бапкері - америкалық Джонатан Бэнкспен Калифорния штатында жаттығады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Геннадий Головкин өзінің жаңа бапкерін таныстырған болатын. Бэнкске дейін Головкин тоғыз жыл Абель Санчеспен бірлесіп жұмыс істеді. 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Стив Роллспен жекпе-жек 36 жастағы америкалықтың GGG-дің жаттықтырушысы ретіндегі алғашқа айқасы болмақ.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер