Хоккей

«Торпедо» Петров кубогының жеңімпазын қатарға қосты

news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Сергей Шестаков мансабын өскемендік «Торпедо» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған дейін «Динамо» (Санкт-Петербург) командасында ойнаған Сергей өскемендік клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

25 жастағы шабуылшы 2017/2018 жылғы маусымында «Динамо» командасымен Петров кубогын жеңіп алған болатын. Ал өткен маусымда ол ЖХЛ тұрақты чемпионатында 35 матчқа қатысып, 9 шайба соқты және 10 нәтижелі пас шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер