Хоккей

«Барыс» үш хоккейшімен келісімшарт ұзартқанын хабарлады

news-banner7
mobile-news-top

Дмитрий Гренц, Дмитрий Гурков және Никита Клещенко «Барыс» командасымен келісімшарт ұзартты.

Келісімшарт мерзімі екі жылға, яғни, 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Гурков және Гренц «Барыс» пен «Номад» фарм-клубының намысын қорғаған еді. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық құрамасының сапында да алаңға шықты.

Қорғаушы Клещенко бүкіл маусымды «Номад» сапында өткізіп, 66 ойында 22 ұпай жинағае еді. Ал, елордада өткен әлем біріншілігінде 5 матчқа қатысып, ұпай жүйесі бойынша (2+1) жинаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер