Велоспорт

«Джиро д'Италияға» баратындар белгілі

«Джиро д'Италияға» баратындар белгілі
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубы «Джиро д'Италияға» қандай құрамда баратыны белгілі болды.

Сонау 1909 жылдан бері Апеннин түбегінде ұйымдастырылып келе жатқан айтулы дода талай саңлақтың жұлдызын жандырды. 2007 жылы құрылған «Астана» клубы жарыстың бас жүлдесін олжалаған. Олар – испаниялық Альберто Контадор (2008 жылы) мен италиялық Винченцо Нибали (2013, 2016) жылдары.

Биылғы «Джиро д'Италия» көпкүндігі 11 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Бұл жарыста «Астана» клубының сапында Мигель Анхель Лопес, Йон Исагирре, Пельо Бильбао, Ян Хирт, Давиде Виллелла, Дарио Катальдо, Андрей Зейц және Мануэле Боаро сынды велошабандоздар өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер