Хоккей

Ұлттық құрама хоккейшісі «Барыспен» келісімшарт ұзартты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дмитрий Гренц тағы екі жыл «Барыстың» намысын қорғайды.

Екі жылға келісілген келісім шарт екіжақты. Дмитрий КХЛ ойнап қана қоймай, ел біріншілігіндегі «Номад» фарм-клубы сапында да мұз айдынына шыға алады.

Өскеменнің «Торпедосынан» түлеп ұшқан Гренц, 2014 жылы елордалық «Барыс» сапына ауысқан еді. Бұл ұжым сапында хоккейші 91 ойын өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер