ММА

Хабибтің менеджері: Макгрегор Нурмагомедовпен қайта кездесуге лайықты емес

news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абдель-Азиздің пікірінше, ирландиялық Конор Макгрегор қазір ресейлік файтермен реванш өткізуге лайықты емес.

«Шынымды айтсам, Конорға алдымен біреумен шығу керек, мысалы, Джастин Гэтжи, Тони Фергюсон немесе Дональд Серронемен. Қазір ол Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуге лайықты қарсылас емес. Біз командамыз болып осылай ойлаймыз», — деді Абдель-Азиз.

Айта кетейік, Хабиб пен Конор былтыр Лас-Вегаста жекпе-жек өткізген болатын. Сол кездесудің төртінші раундында Нурмагомедов жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер