Жеңіс күніне орай «Алматы Барысы — 2019» турнирі өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз8 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы — 2019» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Турнирде бірінші және екінші орынға ие болған спортшылар қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.
Турнир 8 мамыр күні, сағат 14:00-де басталады. Кіру – тегін.