Майкл Одибе: «Юревич – футболдың профессоры»
«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойын біткен соң, мұнайшылардың қорғаушысы Майкл Одибеден сұхбат алды.
- «Қайратқа» қарсы өкен матч туралы айта кетсеңіз...
- Жалпы алғанда жақсы ойын көрсеттік, бірақ өзім әлсіз ойнадым деп ойлаймын. Бапкер ұсынған тактиканың арқасында жеңіске жеттік.
- Бапкеріңіз жайлы пікіріңіз қандай?
- Менінше, біздің бапкер – жоғары деңгейлі маман. Футболдың профессоры деп айтса да артық болмас. Қазақстанда ондай бапкерлер бар екеніне таң қалдым. Алға қойылған мақсаттарға жететінімізге сенімім мол.
- Бұрындары Қазақстандық қандай ұжымдарын білетін едіңіз?
- Украинада ойнағанымда, Еуропа лигасында сәтті өнер көрсеткен «Ақтөбе» жайлы естідім. Бұдан өзге, қарағандылық «Шахтерді» де жақсы білемін.