ҚПЛ. 9-тур қорытындысы

ҚПЛ. 9-тур қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Турдың алғашқы кездесуі Көкшетауда өтті. Жергілікті «Оқжетпес» Қарағандының «Шахтерін» қабылдады.

Матч 2:2 есебімен аяқталды. Екінші таймда Дарко Зорич есепті ашқан. 73-минутта Сергей Зеневтің голымен «Шахтер» есепті теңестірді. Төрт минуттан Алмейда гол соғып, көкшетаулықтар қайта алға шықты. Бірақ матч соңына қарай Зенев тағы бір гол соғып, «кеншілерге» бір ұпай сыйлады.

«Оқжетпес» – «Шахтер» 2:2 (0:0)

Голдар: Зорич 58, Алмейда 77 – Зенев 73, 84

«Ордабасы» мен «Атырау» Шымкентте тең тарқасты. Алаң қожайындары сапынан Пабло Фонтанелло гол соққан, оған жауап ретінде «мұнайшылар» Владимир Воменконың дәл соққысымен жауап қатты.

«Ордабасы» – «Атырау» 1:1 (0:0)

Голдар: Фонтанелло 54 – Воменко 71

«Жетісу» ел чемпионатындағы жеңіліссіз сериясын жалғады. Бүгін талдықорғандық ұжым «Таразды» 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 54-минутта Елжас Алтынбеков соқты.

«Жетісу» – «Тараз» 1:0 (0:0)

Гол: Алтынбеков 54

9-турдың орталық матчында «Қайрат» пен «Тобыл» кездесті. Жанкүйерлер бұл матчта көп гол көре алмады. Алматыдағы кездесудің тағдырын бір ғана гол шешті. Оның өзі ойынның соңына қарай соғылды.

87-минутта бірінші таймда ойынға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек гол соғып, «Тобылға» жеңіс сыйлады.

«Қайрат» - «Тобыл» 0:1 (0:0)

Гол: Тұрысбек 87

«Ақтөбе» қатарынан үш ойында жеңіліс тапты. Ел біріншілігінің 9-турында батысқазақстандық ұжым өз алаңында Қызылорданың «Қайсарына» есе жіберді.

Есепті 4-ші минутта Александр Марочкин ашты. Ал бірінші таймның соңында Асхат Тағыберген есепті еселеді. Ұзақ уақыт өтпестен Абат Айымбетов есептегі айырманы қысқартқанымен, Тигран Барсегян командасының үшінші голын соқты.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қайсар» (Қызылорда) 1:3 (1:3)

Голдар: 0:1 – Марочкин (4), 0:2 – Тағыберген (41), 1:2 – Айымбетов (43), 1:3 – Барсегян (45).

Ел чемпиондары «Астана» биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Өз алаңында керекулік «Ертісті» қабылдаған «Астана» 1:0 есебімен ұтылды. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 77-ші минутта Рохер Каньяс соқты.

«Астана» - «Ертіс» 0:1 (0:0)

Гол: Каньяс 77 (0:1)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер