русский язык
Бокс

Малайзия турнирінде Қазақстанның 6 боксшысы алтын медаль иеленді

Малайзия турнирінде Қазақстанның 6 боксшысы алтын медаль иеленді

Малайзияда өткен «Агонг Кубогі» жарысында Қазақстан ұлттық құрамасы 6 алтын медальді еншіледі. Бұл туралы Қазақстанның Бокс федерациясы хабарлайды.

Алты алтын медальдың арқасында 6 рет Әнұранымыз шырқалып, Қазақстан командалар арасында жалпы есепте көш бастады.

Алтыннан алқа таққан боксшыларымыз: Әділбек Әділжан (56 кг), Бағдат Уайдаев (60 кг), Мәулен Өскенбек (64 кг), Айтжан Шлеев (69 кг), Нұрзада Сабыров (75 кг) пен Тұрсынбай Құлахметтерге (81 кг) бұл турнирде тең келетін қарсылас болмады. Ал Мәулен Өскенбек доданың ең үздік боксшысы атағына ие болды.

8-14 наурыз аралығында өткен жарысқа 8 елден 58 боксшы қатысқан. Бұл жарыста Қазақстан атынан 22 боксшы барды. Олар - Қазақстан ұлттық құрамасы боксшыларының ізін жалғастыратын жас таланттар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;