Басқа

Нұрлан Ибраев - шахматтан Қазақстан чемпионы

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда шахматтан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Классикалық ойынның 11 турынан кейін ел чемпионы атағына гроссмейстер Нұрлан Ибраев ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің мықты 12 шахматшысы чемпион атағы мен 2,5 мле теңге сыйлық қоры үшін бақ сынасты. Күміс жүлде - гроссмейстер Петр Костенкоға, қола - гроссмейстер Ануар Исмағамбетовке берілді.

«Қазақстан құрамасының мүшелерімен жарысқа түскендіктен, бұл ойын айтарлықтай ауыр болды. Шахматшылардың жас толқыны да жоғары деңгейде ойнайды. Жеңіп шығу оңайға соққан жоқ, дегенмен тәжірибенің септігі тиді», - дейді қырық екі жастағы Ибраев.

Қазақстан чемпионы 600 мың теңге сыйлықтан өзге 6-16 маусым аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды. Сондай-ақ, Өзбекстанда өтетін турнирге де жолдама алды.

Нұрлан үшін бұл республикалық біріншіліктен алған екінші алтын. Бірінші жүлдесін шахматшы 2005 жылы өткен чемпионатта иеленген. Кейінгі жылдары ол жаттықтыру болып жүр. Биылғы республикалық біріншілікке Н. Ибраев қазақстандық шахмат федерациясының атынан қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер