Велоспорт

Дінмұхамед Ұлысбаев Францияда 11-шы орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Францияда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында «Ұлттар кубогы» веложарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге қатысушылар 180 шақырым жолды басып өтті.

Бұл жарыста италиялық шабандоз Александр Конычев топ жарды. Екінші, үшінші орындарды голландиялық Марлен Каиистро мен Италия спортшысы Мишель Газоли иеленді.

Ал Қазақстан командасы сапынан үздік нәтижені Дінмұхамед Ұлысбаев көрсетті. Ол мәре сызығын 11-шы болып кесті. Басқа шабандоздарымыздың көрсеткіші: Максим Гридчин 28-ші, Болат Ниязов 50-ші, Данил Марухин 87-ші, Олжас Баембаев 184-ші.

Жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар 11-шы орыннан көрінді.

ÐазаÑÑÑÐ°Ð½ÐµÑ ÐинмÑÑамед УлÑÑбаев ÑÑал 11-м на «ÐÑбке наÑий» по велоÑпоÑÑÑ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер