Зарина Дияс Жапонияда топ жарды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЗарина Дияс жапониялық Гифу қаласында өткен Kangaroo Cup International Ladies Open Tennis 2019 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Финалдық кездесуде отандасымыз қытайлық теннисші Лян Эн Шуоды жеңді.
1 сағат 2 минутқа созылған кездесу 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.
Турнирдің жүлде қоры 80000 АҚШ долларын құрайды.