Хоккей

Елордада Қазақстан беларусьтарды жеңді

Елордада Қазақстан беларусьтарды жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» кешенінде өткен А тобының кездесуі 3:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Бірінші бөлім Қазақстанның басымдылығымен өтті. Тоғызыншы минутта Никита Михайлис өз командасын есепте алға шығарса, араға 7 минут салып Талғат Жайлауов есепті еселеді.

Қонақтар қарсыласты екі шайбы ұзатып алғасын бас көтере бастады. Екінші және үшінші периодта олар қақпаны екі мәрте дәл көздеп, таблодағы көрсеткішті теңестіріп кетті. Сөйтіп, бұл біріншілікте тұңғыш рет овертайм ойнатылды. Қосымша уақытта сәттілік Андрей Скабелка жігіттеріне жолдас болды. Аркадий Щестаков жеңісті шайбыны соғып, ойынды қорытындылады.

Екі команда да жоғарғы дивизионға жолдама алды. Ертең хоккейшілеріміз Венгрияға қарсы алаңға шықпақ.

Әлем чемпионаты. Қазақстан – Беларусь – 3:2

1:0 - Михайлис (Сен-Пьер, Боченски) - 08:36

2:0 - Жайлауов (Рымарев) - 15:12

2:1 - Демков (Плэтт) - 26:49

2:2 - Феоктистов - 34:16

3:2 - Шестаков ОТ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер