ММА

Спортшыларымыз Азия чемпионатында 7 алтын алды

Спортшыларымыз Азия чемпионатында 7 алтын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы-аралас жекпе-жектен Азия чемпионы Тайландта аралас жекпе-жек бойынша ММА ашық Азия чемпионаты аяқталды, деп xабарлайды Prospors.kz сайты.

Біздің жауынгерлеріміз рекордтық 7 алтын, 9 күміс және 3 қола медальға иеболып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.

- Біз тағы да біздің спортшылардың әлемде, үлкен Азия құрлығындағы ең үздіктердің бірі екенін дәлелдедік! – дейді өз қуанышын жасыра алмаған ұлттық құраманың бас бапкері Баян Жанғалов.

- Біз жаттықтырушылар штабында 6 алтын медаль алуды жоспарладық, бірақ біздің спортшылар жоспарды асыра орындады. 13 құраманың ішінде біз үшін басты қарсыласымыз, құрамында Дағыстан спортшылары бар Бахрейн командасы болды. Бірақ, олар да біздің жігіттер мен қыздардың жауынгерлік өнеріне қарсы тұра алмады.

- Биылғы жылғы тамаша және сөзсіз жеңіс кездейсоқ емес, - деп пікір білдірді Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының Бас директоры Уәлихан Тен.

- 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жаңа құрылым - Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы ЗТБ құрылды. Оған Қазақстан ММА аралас жекпе-жек Федерациясы, аралас жекпе-жек ұлттық федерациясы, панкратион және грэплинг және NOMAD MMA федерациясы кірді. 2019 жылдың басында біз Қазақстан чемпионатын өткіздік, 230 спортшының арасынан мықтылардың мықтысы болған 27 спортшыны таңдап алған болатынбыз. Таңдап алынған спортшыларға үлкен үміт арттық, үміт ақталды!

Кіл мықтылар қатысқан жарыста құрама сапынан алтын алғандар: 70 келі салмақта Талшын Жұматаева, 61 келі салмақта Олжас Молдағалиев, 52 келі салмақта Бағдат Жұбаныш, 47 келі салмақта Тұрсын Аян, 83 келі салмақта Мәди Досмұханбетов, 77 келі салмақта Айдын Төлепбаев, 65 келі салмақта Анатолий Золотых.

Күміс иеленгендер: 52 келі салмақта Нұржамал Садықова, 61 келі салмақта Дастан Амангелді, 47 келі салмақта Үкіліай Ахметуәлиқызы, 70 келі салмақта Антонина Котляревская, 52 келі салмақта Ерұлан Қабдұлов, 56 келі салмақта Әділхан Аязбаев, 93 келі салмақта Серік Әбіров, 70 келі салмақта Неймат Асадов, 65 келі салмақта Еламан Шалқымбеков.

Қола жүлдені қанағат тұтқандар: 56 келі салмақта Дархан Өмірбеков, 70 келі салмақта Мәжит Сардаров, 83 келі салмақта Александр Вал.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер