Қазақстан U-16 «Жеңіс кубогының» жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБаскетболдан Азия чемпионатының іріктеу турниріне дайындық аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бішкекте «Жеңіс кубогына» қатысып жатыр.
Қазақстандықтар алғашқы матчында Өзбекстан жасөспірімдер құрамасын сенімді жеңді - 97:61.
Өзбекстан (U-16) – Қазақстан (U-16) 61:97 (22:28, 14:27, 4:24, 21:18)
Қазақстан (U-16): Кочергин (18, 5 передач, 4 перехвата), Тангиев (18), Волков (11), Репалов (9), Самойленко (9), Таиров (8), Романенко (6, 4 перехвата), Серикбай (6), Морозов (4), Ордоков (4), Гуренко (2), Рабченюк (2).
Кейін Деян Парежаниннің шәкірттері Бішкектің «Эдельвейс» командасын тас-талқан етті – 105:27.
Қазақстан (U-16) – «Эдельвейс» (U-16) (Бішкек) 105:27 (24:4, 32:4, 26:13, 23:6)
Қазақстан (U-16): Таиров (15), Гуренко (15), Волков (13), Мороз (13), Репалов (10, 5 перехватов), Рабченюк (9), Самойленко (8, 10 подборов), Романенко (8), Ордоков (4).
Енді жартылай финалда Қазақстан құрамасы Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі СК командасымен кездеседі.