ММА

Қазақ спортшысы суға батқан үнді азаматын құтқарып қалды

Қазақ спортшысы суға батқан үнді азаматын құтқарып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Азия чемпионатында қазақ спортшысы қаһарманға айналды.

ММА спортынан Қазақстан құрамасының бапкері Баян Жанғаловтың айтуынша, Еламан Шалқымбеков бассейнде аяғы тартылып суға батып бара жатқан Үндістан спортшысын құтқарып қалған. Ел чемпионы ойланбастан суға секірген, тіпті, киімін шешіп үлгермеген көрінеді. Осылайша, Еламан үнді спортшысын аман алып қалды. Осыдан кейін қазақ спортшысы Азия чемпионатының нағыз жұлдызына айналған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер