Дзюдо

Ерлан Серікжанов әлемдік рейтингте үш сатыға жоғарылады

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде Ерлан Серікжанов үш сатыға жоғарылады. Ол Фуджейрада өткен Азия біріншілігіндегі жетістігінен соң алғашқы алтылыққа енген.

Ерлан Серікжанов 66 келідегі спортшылар арасында 6-шы орында тұр. Бұған дейін түзілген рейтингте ол 9-шы орынға тұрақтаған болатын.

Сондай-ақ, құрлық додасының күмісін иеленген Елдос Жұмақанов екі сатыға жоғарылап, 11-ші орынға көтерілді.

90 келіде Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Ислам Бозбаев 12-ден 11-ші орынға жоғарылады.

Еске сала кетейік, отандық дзюдошылар арасында Елдос Сметовтің шоқтығы биік. Ол әлемдік рейтингте тұрақты түрде алғашқы бестікке еніп жүр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер