Бокс

Головкин жаңа бапкерін қашан таныстырады

Головкин жаңа бапкерін қашан таныстырады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкерін қашан таныстыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы BoxingScene журналисі Кит Айдек Твиттер парақшасында жазды. Оның сөзінше, 4 мамыр таңертең қазақстандық боксшы DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегіне дайындайтын бапкердің атын атайды.

Айта кетерлігі, дәл сол 4 мамырда Геннадийдің көне қарсыластары Сауль «Канело» Альварес пен Даниэл Джейкобс жекпе-жегі өтеді.

Кит Айдектің айтуынша, Головкин өзін 9 жыл жаттықтырған бапкері Абель Санчесті және жаттығу лагерін ғана емес атын да ауыстырған көрінеді.

АҚШ-та отандасымызды осы күнге дейін Геннади (Gennady) деп атап келді. Ал боксшының өзі есімін Геннадий (Gennadiy) деп атағанын қалайды. Себебі, оның туу туралы куәлігінде осылай жазылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер