Футзал

«Қайрат» халықаралық турнирге қатысты

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы 1 мамырдан 5 мамырға дейін Атырау қаласында өтетін Әділбек Жауыровты еске алуға арналған «Олимп» БК-нің халықаралық футзал турнирінің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жолдастық матчта алматылық команда «Олимп» турнирінің құрамасына қарсы тұрды. «Қайраттың» айқын басымдылығынмен өткен ойын 4:1 есебімен аяқталды. Алматылықтар сапынан Дәурен Тұрсағұлов пен Ранжел бір голдан соқса, Джон Леннон дубль авторы атанды.

Турнирге қатысқан «Қайрат» ойыншылары: Игита, Нури Садыков, Дінмұхамбет Сүлейменов, Ранжел, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дәурен Нұрғожин, Бекзат Рахимтаев, Владислав Черномордов, Эдсон, Джон Леннон, Шыңғыс Есенаманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер