Әлем футболы

Чемпиондар лигасы. «Тоттенхэм» - «Аякс» текетіресі жайлы

Чемпиондар лигасы.  «Тоттенхэм» -  «Аякс» текетіресі жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Турнирдің білгір мамандары, тәжірбиелі жанкүйерлері жартылай финалда дәл осы екі команданы күткен жоқ еді.

Бүгін түнгі сағат 1-де Лондондағы су жаңа футбол стадионында ағылшынның «Тоттенхэмі» нидерландтық «Аяксты» қабылдайды. Алаң қожайындары Чемпиондар лигасының жартылай финалына тарихында тұңғыш рет шығып отыр. Ал, «Аякс» турнирдің дәл осы кезеңіне жаңа ғасырда бірінші мәрте өнер көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, екеуі де биыл айды аспанға шығарған командалар.

Почеттино жігіттерінің АПЛ-да «Манчестер Ситиге» күштері жетпесе де, еурокубокте жарыс жолынан шығарып тастады. 1/8 финалда немістің «Боруссиясын» айқын басымдылықпен жеңді. «Аякстың» ерлігін футбол тамашалайтын бүкіл әлем жұртшылығы біледі. Осы турнирдің соңғы үш жылдағы жеңімпазын қарсылас құрлы көрген жоқ. Одан кейін, «Ювентусты» жеңіп, Чемпиондар лигасын үш түрлі клубпен жеңсем деген Роналдудың арманын жоққа шығарды.

Көрікті футболымен көптің жүрегін жаулаған Эрик тен Хаг командасы плей-офф кезеңінде қонақта тек жеңіп келеді. Үй де, түз де бәрібір олар үшін. Жартысы жастардан жасақталған нидерландтық клубты артқа тастап, Мадридтегі финалға жолдама алу «Тоттенхэмге» оңай соқпасы анық. Оның үстіне бұл матчқа қатыса алмайтын негізгі құрам футболшыларының қатары көп. Әрі бармай, Кейн мен Сон Хон Минды атап өтудің өзі жеткілікті. Ал, қарсылас сапында бәрі сақадай сай.

Қызық статистика: «Аякс» еуробокте қонақта қатарынан екі мәрте қарсыластарын тізе бүктірсе, лондондықтар өз алаңындағы соңғы екі ойында жеңіске жетіпті. Бір команда үшін статистика бүгін бұзылады.

Командалар тарихында екі рет қана кездесіпті. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында. «Тоттенхэм» қос ойын қорытындысы бойынша 6:1 есебімен жеңген екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер