Бокс

Әли Ахмедов Головкин — Роллс жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады

Әли Ахмедов Головкин — Роллс жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов (14-0, 10КО) 8 маусым күні Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) — Стив Роллс (19-0, 10КО) жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасатын болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы BoxRec.com сайтында ресми хабарланды. Бірақ, қазақстандықтың қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының клиенті болып табылады.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер