Басқа

«Ақтөбе» бауыры зақымданған азаматқа 400 мың теңгеге жуық қаржы береді

news-banner7
mobile-news-top

27 сәуірде Орталық стадионда өткен «Ақтөбе» – «Тараз» матчына 11 мың жанкйүер жиналып, билет сатудан 4 миллион теңгеге жуық пайда түскен.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы қаржының 10 пайызы жараланған ақтөбелік азаматқа беріледі.

«Ойынды тамашалау үшін стадионға 11 мың адам келді. Бірақ оның барлығы билет сатып алмады. Біреуінде абонемент бар, екіншісі курсанттар, ардагерлер. Футбол орталығында жаттығатын балалар да стадионға тегін кірді. Сатылған билеттен түскен қаржы мөлшері шамамен 4 миллион теңгеге жуықтайды. Соның 10 пайызы Аралбек Ешимовке беріледі», - деді клубтың баспасөз қызметкері Марат Жұмабаев.

Еске сала кетейік, Аралбек Ешимов 2015 жылы «Ақтөбе» клубы мен жанкүйерлер арасында болған жолдастық кездесуде зақым алды. Бұған дейін ауруы жайында тіс жармаған Аралбек емге ақша таба алмағаннан БАҚ арқылы көмек сұрауға мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер