Футзал

Олжас Сүлейменов: Спортта заман көшінен қалмау маңызды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның Еңбек Ері, танымал ақын Олжас Сүлейменов «Алматы Аренада» өткен Төрттік финалдан алған әсерімен бөлісті.

-Қайратты» қолдаған жанкүйерлер қарасының көптігіне таңғалдым. Футзалшыларымыз да «Барселонаға» қарсы ойынды тамаша деңгейде өткізді. Өзі көтерген деңгейді «Спортингпен» болған матчта ұстап тұра алмады.

Бүйрегім волейболға бұрып тұратынын жасырмаймын. Бірақ, «Қайраттың» ойындары футзалға шыңдап қызуға түрткі болды. Құрам бірыңғай түлектерден құралса нұр үстіне нұр болар еді.

Спортта заман көшінен қалып қалмау өте маңызды. Бір кездері бокстың өзі қазақ үшін таңсық болатын. Ал, бүгінгі таңда бұл спорт түрінен күллі әлемге таңымалмыз. Ешбір спорт қанмен келмейді-ау, қайтпас қайсарлықтың, тыңбай еңбектенудің арқасында өз жемісін береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер