Грек-рим күресі

Мейіржан Шермаханбет - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық палуан Мейіржан Шермаханбет 67 келіде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионатының финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ру Хан Су 1:5 есебімен жол берді. Айта кетейік, Мейіржан - Қазақстан командасынан финалға шыққан жалғыз грек-рим шебері. 72 келіде Демеу Жадраев қола медаль иеленеді. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Демеу өзбекстандық Арам Варданянды жеңді.

82 келіде Мақсат Ережепов өзбекстандық спортшы Жалгасбай Бердимуратовпен болған кездесуде таза жеңіске жетіп, қола жүлдегер атанды. Ал, 97 келіде Әлімхан Сыздықов ирандық Махди Аббас Алиярифейзабадиге жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер