Футзал

Игита: Бүгінгі соққыларым дарымады

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита УЕФА Чемпиондар лигасының «Спортингке» қарсы финалдық матчынан кейін журналистер алдында сұқбат берді.

-«Спортинг» тәжірбиелі команда, жеңіске лайықты болды. Той тойлауға біз де лайықты едік, әрине. Бірақ, біздің ұжым қайта жасақталып жатыр. Сондықтан финалға шығудың өзі жаман нәтиже емес.

Екінші таймның басында бізден басымдық кетіп қалды. Сол кезең шешуші болды. Одан кейін, есепті теңестіруге әбден тырыстық, әріптестеріме көмектесу үшін соққылар да бағыттадым. Қарсылас қақпасына дарымай жатты. Бірақ, бүгінгі өнеріміз үшін жерге қарай қоймаспыз, жанкүйерлер «Қайратты» әлі де мақтаныш тұтады деп ойлаймын.

Финалда ешбір ойыншы қайраудың қажеті жоқ. Бұндай ойында өзіңнін шаршағаныңды да, жарақатыңды да сезбейсің.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер