Футзал

Дәурен Нұрғожин: Өз жанкүйерлерімізді қуантуға барынша тырыстық

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожин Уефа Чемпиондар лигасының «Спортингке»(1:2) қарсы финалдық матчы аяқталған соң журналистерге сұқбат берді.

-Ұнжырғам түсіп тұрғанын жасыра алмаймын. Ойын жақсы өтті, жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Финалға тыңғылықты дайындалдық, бар ойымыз өз жерімізде жанкүйерлерді қуанту еді. Бірақ, жолымыз болмағаны өкінішті.

Португалдықтар өз мүмкіндіктерін пайдаланып кетті, әрі, қақпашы да тамаша ойнады. Бәріміз жеңісті аңсадық, сол мақсатпен алаңға өзімізді әбден қайрап шықтық, Бірақ, «Спортингтің» жолы болғыш ұжым екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер