Футзал

Азамат Айтқожин: Бүгін «Қайраттан» сәттілік теріс айналды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин финалдық матчтағы «Қайраттың» ойынына өз бағасын берді.

-Кездесу екі команда үшін де жүйке жұқартарлық, әрі қиын болды. Жанкүйерлерге лық «Алматы Аренаның қолдауымен «Қайрат» тамаша ойнады, бірнеше жақсы мүмкіндіктер ұйымдастырды. Бірақ, бүгінгі кеште командаға сәттіліктің жетіспегені-ай...

Дей тұрғанмен, финалға шығудың өзі «Қайрат» үшін де, отандық футзал үшін де үлкен жетістік. Атақ-даңқы жер жаратын «Барселонаны» жеңудің өзі не тұрады? Осы жетістікпен тоқтап қалмайтынына мен толықтай сенімдімін. Алға, Қазақстан!-деді Айтқожин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер