Ауыр атлетика

Зілтеміршілеріміз жарытпады

news-banner7
mobile-news-top

Қытайда өткен ауыр атлетикадан Азия біріншілігі бүгін өз мәресіне жетті. 2017 жылғы Ашхабадтағы жарыста екі алтын алған Қазақстан, көрші елде үш қоланы қанағат тұтты.

Чемпионаттың соңғы күнінде салмағы 109 килограммнан асатын зілтеміршілер сынға түсті. Отандасымыз Селімхан Әбубәкіров 400 келі көтеріп (180+220) бар болғаны алтыншы орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында салмақ 87 келіден асатын спортшылар жарыс алаңына шыққан еді. Бұл жерде Айзада Мүмтілдә жетінші сатыны місе тұтты.

Ал, еншімізге үш қоланы Арли Чонтей (55 кг дейін), Денис Ұланов (81 кг дейін), және Раушан Мешітхановалар (81 кг дейін) салған еді. Илья Ильин, Зульфия Шиншанло, Карина Горичевалар жүлделі орындарға жете алмады. Ескі жарақаты сыр берген Нижат Рахимов жарыс жолын шығып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер