Футзал

УЕФА Чемпиондар лигасы: «Барса» үшінші орын иеленді

УЕФА Чемпиондар лигасы: «Барса» үшінші орын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы өз жалғасын табуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Үшінші орынға таласта испаниялық екі клуб - «Барселона» мен «Интер» кездесті.

Матчтың басы қауіпті шабуылдарымен есте қалмады. Әйтсе де, 7-минутта «Интер» сапынан ұрымтал тұстан «Барселонаға» Марлон ойынның алғашқы голын соқты. Жалпы алғанда, ойынның басында каталондықтар допқа көбірек иелік етті.

Араға екі минут салып «Барселона» есепті теңестірді. Бұл жолы Бойистың пасын Феррао пайдаланды. Каталониялықтар шабуылды жалғастыра түсті.

Көп ұзамай каталониялықтар есеп санын ұлғайтты. Адольфоның соққысын «Интер» қақпашысы тоқтата алмады. Есеп – 1:2. Бірнеше секундтардан кейін «Интерден» Рикардиньо алға ұмтылғанымен, допты қақпаға дәлдеп соға алмады.

Екінші таймның 14-минутында «Барселонадан» Эскердинья каталониялықтардың үшінші голын соқты. «Интер» соңғы минуттарда барын салып тырысқанымен, есеп айырмасын қысқарта алмады.

Қорытынды есеп – 1:3. Осылайша, «Барселона» үшінші орын иеленді.

Чемпиондар лигасы. Төрттік финал

«Интер» «Барселона» 1:3

Гол: Марлон 6:27, Феррао 9:00, Адольфо 11:39, Эскердинья 34:50

«Интер»: 15 Алекс Гонсалес (В), 2 Ортис (К), 10 Рикардинью, 11 Марсел, 13 Гадейя

Резервте: 1 Хесус Эрреро (Қ), 3 Умберто, 5 Бебе, 6 Даниэл Шираиши, 12 Борха, 14 Рафаэль, 17 Марлон

«Барселона»: 1 Плана (Қ), 6 Бойис, 10 Марио Ривильос, 11 Феррао, 17 Артур.

Резервте: 12 Хуанхо (Қ), 2 Айкардо, 4 Рожер, 5 Лео Сантана, 7 Диего, 8 Адольфо, 9 К Лосано, 14 Эскердинья

26 сәуір. Алматы, «Алматы Арена».

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер