Виктор Кумыков «Атыраумен» қош айтысты

Виктор Кумыков «Атыраумен» қош айтысты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік маман Виктор Кумыков «Атырау» клубының тізгінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ел біріншілігінің 7-турынан соң Виктор Кумыков пен «Атырау» клубының басшылығы екі жақтың келісімімен келісімшарттың күшін жойды. Жаңа бас бапкер келгенше «Атырауды» Қуаныш Қабдулов жаттықтыратын болады.

Виктор Кумыков «Атыраудың» тізгінін өткен жылдың шілде айында ұстаған болатын. Ресейлік маманның қол астындағы алғашқы маусымды «Атырау» 9-орында аяқтады. Ал биыл алғашқы 9 кездесуде бар болғаны бір жеңіске жетіп, екі ойында тең түссе, қалған кездесулерде жеңіліс тапқан. Турнир кестесінде 5 ұпаймен 11 сатыға жайғасты.

Айта кетейік, Виктор Кумыков «Спартак Нальчик» (Ресей), «Елімай» (Қазақстан), «Қайсар» (Қазақстан), «Машал» (Өзбекстан), «Насаф» (Өзбекстан), «Шахтер» (Қазақстан), «Ордабасы» (Қазақстан), «Алмалық» (Өзбекстан) командаларының бас бапкері ретінде жұмыс істеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер