Ауыр атлетика

Ильин: Жарыс жолына шығып қайта түледім

Ильин: Жарыс жолына шығып қайта түледім
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Азия чемпионатына қатысып, бесінші орын алды. Жарыстан кейін спортшы өз инстаграмм парақшасында Азия біріншілігін қорытындылады.

«Араға 4 жыл салып, қайта жарыс жолына шықтым. Тәуір, бәрі жақсы. Бүгін өнер көрсету үшін небір кедергілерден өттім. Салмақ құдым. Ең бастысы керек ұпайларыма қол жеткіздім. Маусым айында Англияда өтетін бір халықаралық турнирге қатысамын. Дайындықтарымды ары қарай пысықтамақпын. Маған жанкүйер болған барша халыққа алғысым зор".- деді Ильин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер