ММА

Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жекте ұтылып қалды

Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жекте ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов ресейлік Fight Night Global ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекте әзірбайжандық Нариман Аббасовтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мытищи қаласында өткен FNG93 турнирінде спортшылар бес раунд бойы күш сынасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Нариманға берді - 48:47, 47:47 және 48:47.

Айта кетейік, Хамитов октагонға шықпас бұрын бір ұпайынан айырылған еді, себебі ол өз категориясының салмағынан ауырлау болып шықты.

Бұл Қуаттың 2017 жылдың қарашасынан бері алғашқы жекпе-жегі.

Қуат Хамитовтың ендігі статистикасы мынадай: 19 жеңіс, 1 тең және 7 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер