Бокс

Бокстан Азия чемпионаты аяқталды

Бокстан Азия чемпионаты аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы құрлықтық додаға Азияның 39 елі қатысып, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 7 қола жүлдемен екінші сатыдан көрінді.

Құрама сапынан 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Тұрсынбай Құлахмет пен 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бек Нұрмағанбет жеңімпаз атанса, Закир Сафиуллин (60 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) күміс медаль еншіледі.

Ал, Василий Левит (91 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Теміртас Жүсіпов (49 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Материалды оқып қуанып отырмыз. Десе де барлық он салмақта (ерлер және әйелдер) толық сараптама жасап, медаль (алтын, күміс, қола) алғандардың барлығын көрсетсеңіздер болар еді. AIBA-ның сайтынан қарап таба алмадым. Қазақстан үшін бокс бірінші спорт болғандықтан қайдан іздеуге болатыны туралы бағыт берсеңіздер.
Жауап беру