русский язык

Роман Кречке пәтер беріледі

Роман Кречке пәтер беріледі

Сочи Олимпиадасында өнер көрсеткен Роман Креч Наурыз мерекесі қарсаңында баспаналы болады. Спортшының айтуынша, бұл пәтер оған спорттық жетістігі үшін алғыс ретінде беріліп жатқан көрінеді.  

«Мерзімі жайлы маған Солтүстік Қазақстан облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин хабарлады. Тіпті, мекен жайын да айтты. Наурыз мерекесінде кілтін тапсырып қалар», - деді Роман Креч.

Ал, спортшының құлатылғалы тұрған үйі жайлы мәселе әлі шешілмеген. Ескі ғимарат орнына жаңа тұрғын үй бой көтереді. Әзiрге оның өтеуiне берiлетiн қаражат туралы келiссөздер тоқтап тұр.
Еске сала кетсек, петропавлдық конькиші Роман Кречті бұдан бұрын отбасымен бірге құлағалы тұрған жекеменшік үйден шығарып, әлі салынып бітпеген тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтеріне көшуін талап еткен болатын.

Роман Креч Сочи Олимпиадасында 500 метрге конькимен жүгіруден 7-орын алған еді. Биыл отандасымыз Ванкувердегі көрсеткішін әлдеқайда жақсартқан. 2010 жылғы Олимпиадада дәл осы қашықтыққа конькимен жүгіруден ол тек 34-ші орыннан көрінген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;